Маканова Шолпан Бейсенбаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казакстан
Регион:не указан
24.02.2016
0
836
5

Дәстүрден тыс сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Дәстүрден тыс сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

     Сурет салу – балалардың шығармашылық белсенділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін өнердің бір түрі. Сурет салу арқылы балаларды адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа, өнер түрлерінің құндылықтарын бағалауға тәрбиелейміз.

 

 

 

    Эстетикалық тәрбие алған балалар ашық-жарқын, әсем атаулының бәріне жай ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан-дүниесімен қабылдайтын болады. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

 

     Дәстүрден тыс әдістермен сурет салу балалардың шығармашылық қабілеттерін жақсы дамытады, көңілдерін көтереді, шығармашылыққа талпындырады. Ол қиял деңгейлерін дамытуға, ой...ұшқырлығына, танымдық белсенділігі мен ізденгіштік қабілеттерін жетілдіруге көп әсерін тигізеді.

 

    Мен өз тобымның балаларымен естияр топтан бастап жұмыс істеймін, сондықтан осы жастан бастап балаларға дәстүрден тыс әдістері үйрете бастадым. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты әр топта белгілі бір әдістерді үйрету керек. Мысалы:  сәбилер тобында балалар алақанмен, бастырмамен, саусақпен сурет салуды үйренсе, ересек топтарда қағазды екіге бүктеу арқылы, түтікшемен үрлеу, шашырату әдісімен, далаппен салуды және жіпті, жапырақтарды пайдалану арқылы, балауызды қолданып сурет салуды үйретеміз. Осы әдістердің бірнеше түріне тоқтала кетейік.

 

     «Бастыру әдісі» әр түрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балаларда жағымды эмоция, қызығушылық тудырады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы:Жапырақ, алақан, поролон, өсімдіктер.

 

     «Құммен сурет салу әдісі». Балаларға құммен сурет салу өте қызықты, қатты ұнады, ол көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

 

Оны төмендегідей жүргізеді:

 

- Ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылады;

 

- Желім сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағылады;

 

- Жағылған желімнің үстіне ыдыстардағы құм себіледі.

 

Осындай сабақтар арқылы балалардың іскерлік қабілеті дамып, эстетикалық талғамы артады, шығармашылығы дамиды. Балалардың қоршаған ортаға, табиғатқа зер сала қарап, түрлі құбылыстар мен бейнелерді қиялда елестету арқылы ойлау және сөйлеу әрекетін белсенділендіреді. Ал қызығушылық пен танымдық белсенділік білім меңгеруге, еңбектенуге бейімдеп, қабілеттерді дамытуға ықпал жасайды. Сондықтан әр педагог өз әрекетін саралай отырып, шығармашылықпен және шеберлікпен ұйымдастыруға, балаларды оқуға ынталандыратын жұмыс түрлерін, ойындар мен тапсырмаларды жоспарлап өткізуі өте маңызды. Мұны жүзеге асыру үшін тәрбиеші үнемі іздену арқылы, инновациялық технологияларды меңгеру арқылы өзінің кәсіби құзыреттілігін шыңдап отыруы қажет, жаңалықтардан хабардар болып, озық тәжірибелерден үйренуден жалықпағаны дұрыс.

 

     Педагогикалық әрекетінің үздіксіз жетілуі мен өсуіне ерекше көңіл бөліп, шығармашылық әлеуметін дамытуға, білімі мен білігін тереңдетуге тырысқаны абзал. Сабақты бір сарынды әдістермен өткізу балаларды жалықтырып, қызығушылықтарын сөндіреді, аз күшіне сенімсіздік тудырып, білім меңгеру қабілеттерін әлсіретеді, тәрбие мен оқытудың сапасы мен нәтижесін төмендетеді. Сондықтан баланың жас ерекшелігін ескере отырып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданудың  маңызы зор.

 

                                                                              Тәрбиеші: Ш.Б. Маканова

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения