Алия Сериккажыевна
Должность:учитель математики
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан. ВКО. г. Семей
23.02.2016
0
211
1

Дүниетану сабағы. Пайдалы қазбалардың түрлері

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Мамажарова Эльмира Канатовна

Пәні: Дүниетану

Сыныбы:  3 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:  «Пайдалы қазбалардың түрлері»

Сабақтың мақсаты:

а) Мәтін мазмұнын түсініп, идеясын ашуға негіз жасау.

ә) оқушылардың сөздік қорын молайтып танымдық белсенділігін арттыру,

б) ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.

Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.

Әдісі: БжС технологиясы

Түрі: Ауызша сабақ -1

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.

Сабақ барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі мотивация оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі.

Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.ООМ бойынша жұмыс.

2. Оқушылардың субьективтілік тәжірибесін өзектендіру. Өткен сабақ тақырыбы бойынша сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі.

    І. Қарама- қарсы сұрақ. Үй тапсырмасын тексеру. «Тау жыныстары»

 Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

1.       Жер қыртысы дегеніміз не?

Жердің қатты қабаты

2.       Ол нелерден тұрады?

Көптеген тау жыныстарынан

3.       Тау жыныстары дегеніміз не?

Жер қыртысын толтырып жатқан денелер

4.       Тау жыныстары қалай өзгереді?

Күн көзі, жауын-шашын, желдің әсерінен

5.       Үгітілген тау жыныстары қайда барады?

Жауын суларымен ағып, өзен, көл түбіне

6.       Одан не пайда болады?

Жаңа тау жыныстары

7.       Бұл процес қалай аталады?

Тау жыныстарының пайда болу кезеңі

8.       Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?

3

9.       Қандай?

Қатты, сұйық, газ тәрізді

10.  Қатты түріне не жатады?

Кенге жатпайтын, кенді, көмір

11.  Сұйық түріне?

Мұнай, минералды сулар

12.  Ал газ тәріздіге ше?

Табиғи жанатын газдар

13.  Кенге жатпайтын тау жыныстары қалай кездеседі?

Тығыз және бос күйінде

14.  Тау жыныстары қайда таралады?

Құрлықта, өзен-көл, теңіз, мұхит

15.  Тығыз (қатты) тау жыныстарына нелер жатады?

Гранит, мәрмәр, құмтас

16.  Гранит қайда орналасады?

Жер қыртысының терең қойнауында

17.  Қазақстанның қай жерлері граниттен тұрады ?

ОҚ. Сарыарқаның көптеген таулары

18.  Гранит қазақша қандай мағына береді?

Түйіршікті

19.  Бос тау жыныстарына не жатады?

Құм және саз

20.  Құм неден тұрады?

Суға ерімейтін берік түйіршіктерден

3.Үй тапсырмасын бекіту.

Жер қыртысын толтырып жатқан денелер – тау жынысы деп аталады

Оқушылардың ойы сұралады.

Бірінші белгі.Барлық оқушылардың нәтижелері ООМ бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.

ІІ. Тірек сөздер.  Қабылдауды ұйымдастыру.

Екі сөзден тұратын түсінік екі сөз болып саналады. Еске сақтау бойынша бір сөз шегерілуге рұқсат беріледі. Сабақ басталмас бұрын мұғалім тақтаға оқытылатын тақырып бойынша 7 кілтті сөздерді жазады.

5.Тақырып ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тірек сөздер жабылады . Жазуға берілген уақыт есте сақтау уақытына тең, яғни 1 минут беріледі.Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына плюс немесе минус қойылады.

Тірек сөздер:

Жер

Пайдалы қазбалар

Жанғыш

Кенді

Кенге жатпайтын

 

Екінші белгі. Есте сақтауға уақыт нормативі 14 сөз – 1 минут. Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына плюс немесе минус қойылады.
6. Ұғынуды ұйымдастыру. Оқушылар оқулықтан бір парақты 5 минут ішінде оқып шығуы тиіс. «Мәңгі жасар өмір» мәтінін мәнерлеп, түсініп оқуға беріледі.

ІІІ. Қарама-қарсы сұрақ қою. Түсінудің алғашқы тексерілуі. Мұғалім оқушыларды рет ретімен емес ООМ бойынша сабақтың тақырыбына байланысты тірек сөздерді қоса сұрайды. Оқушы түсінбеген жерлерін мұғалім түсіндіреді.
Қарама – қарсы сұрақтар: «Пайдалы қазбалардың түрлері»(жаңа тақырып бойынша)

1.       Пайдалы қазбалар дегеніміз не?

Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстары

2.       Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай негізгі неше топқа бөлінеді?

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения