Muhanbetkalieva Zhulduz Mahambetovna
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан Республикасы
Регион:не указан
23.02.2016
0
246
0

Открытый урок по история Казахстана "1836-1838 жж. Исатай мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс"

Тақырыбы: 1836-1838 жж.  Исатай мен Махамбет Өтемісұлы

бастаған көтеріліс.

Мақсаты:

Білімділік: «Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің»-демекші, туған жердің тарихын, соның  ішінде М.Өтемісұлының өмірі, шығармашылығы, Махамбет бастаған көтерілісінің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызы, Махамбеттің тағдыры туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Туған жерге сүйіспеншілікке жерін, елін, қорғаған Исатай мен Махамбет ерлігіне көңілін аудара отырып, олардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін арттырып, ойнау, сөйлеу, танымдық, іздемпаздіқ қасиетін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың әдісі: Тірек-сызбалар арқылы түсіндіру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақтаны пайдалану.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, География.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

       а) оқушылармен амандасу

б) оқушыларды түгендеу

в) оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасы:

Махамбет, Исатай туралы жан-жақты ізденіп келу

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Жоспары:

  1. Көтерілістің себептері
  2. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы 1836-1838 жж. Ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушылары әрі басшылары.
  3. Көтерілістің басталуы және барысы
  4. Көтерілістің жеңілу себептері
  5. Көтерілістің тарихи маңызы

 

Негізгі ой – түрткі:

 

Тәуелсіздік текке бізге келмеген

Талай бабам қанын төгіп терлеген,

Бабалардың ғасыр бойы арманын

Білерсіздер бүгінгі сабақ жалғарын.

 

Патша өкіметінің отаршылдық тепкісін алғаш көрген кіші жүз қазақтары болатын. Қазақ даласы таланып, патша өкіметі мен оның қарулы күші - қазақтар жасағы хан, сұлтандармен бірігіп, зорлық-зомбылық мемлекеттік дәрежеде өрбіген кезде ұлт-азаттық қозғалыс өрши түсті. Бүкіл қазақ даласына патша өкіметі өз билігін үстем етті. Ең далада жазалаушы отряд сайрандады. Халық тығырыққа тірелді. Қазақ мемлекетінің соңғы буындары жойылды, шаруалар жерінен айрылып, халық басына қара күн туды. Махамбет, Исатай көтерілістері осыған байланысты шықты.

   Оған дейін кіші жүзде қандай көтеріліс болып еді?

- С.Датұлы, Е.Пугачев бастаған көтерілістер.

- Иә, Еділ мен Жайық арасындағы жерде Бөкей Ордасы негізі қаланды. Негізгі алғышарттарына тоқталайық.

*     1801 жылы ресей императорының жарлығымен қазақтардың көшіп-қонуына заң жүзінде құқық беріледі.

*     ХІХ ғ. 30 ж. ІІ жартысында Бөкей Ордасында 2000 шаруашылық, 8000 адам болады.

*     Құнарлы жерлерді хан мен сұлтандар, орыс помещиктері бөліп алды.

 

 

 

 

Сатылап талдау әдісі:

 

 


                                                    тарихи маңызы

 

                                       жеңілу себебі

 

 

 

 


                                     барысы

                    басшылары

 

қозғалыс күші


 

 

себебі

 

Тірек – сызбалар арқылы:

 

Себебі

 

 

Керекті сөздер: жер дағдарысының күшеюі, отарлау, алым- салықтың көбеюі, қарапайым халыққа үстемдігі, шұрайлы жерлерді тартып алуы.

 

Керекті сөздер: қазақ шаруалары, старшындар, билер.

Толарсақтан саз кешкен Исатай мен Махамбет,

Қабырғасын қаусатқан қара нар ед, батыр ед,

Ел қорғаған, жыр семсерін бүгінде,

Саналы ұрпақ, жалынды жастар үлгі ет.

(Батырлардың портреттеріне шағын талдау жасау).

Басшылары: Махамбет-домбырашы, күйші, ақын, көтерілісті басқарушы, жыршы.

Исатай-батыр, шешен, ақылды, ұстамды басшы

-Иә, тумысынан батыл, қызу қанды, «от тілді, орақ ауызды»  Махамбеттің жырлары кек пен намысқа, серт пен сенімге толы.

Барысы:

Жылдар

Болған оқиғалар

1836ж ақпан

Жәңгірдің Исатайды өз ордасына шақыруы

1836ж 4 сәуір

Қарауылқожа Бабажанов бастаған хан жасағының келуі.

1836-1837ж

Исатайдың Жәңгірді халық алдында әшкерелеуі

1837ж қыркүйек

Қарауылқожаның ауылына шабуыл

1837 ж 15. ХІ

Тастөбе шайқасы

1838ж. 12 шілде

Ақбұлақ шайқасы

 

Жеңілу себебі:

Үстем өкілдері опасыздығы, жау жағының соғыс күшінің мықты болуы, көтерілісшілер арасында байланыс болмауы.

Тарихи маңызы.

Жеңілгеніне қарамастан көтерілісшілердің тарихи маңызы зор. Көтеріліс келесі қозғалыстардың жалғасы болып табылады. Тарихта үлкен орын алады. Тәуелсіздік, бостандық үшін күресте зор сабақ болды.

Тарихи маңызы

«Тәуелсіздік шыңы» пирамидасы:

1.     1838ж.12 шілде

2.     1837ж. 15.ХІ

3.     1837 қыркүйек

4.     1836 ж –

5.     1837 ж-

6.     1836 ж7 4 сәуір

7.     Тәуелсіздіктің бастамасы болған оқиға? – 1836 ж. кіші жүздің бай феодалдарының, патша үкіметінің озбырлығы.

«Керегін қой» ойыны

ü  Махамбет

ü  Сырым

ü  1837 қыркүйек

ü  1783-1797жж

ü  Нұралы хан мен Жәңгір хан

ü  Отарлау саясаты

ü  Билік үшін талас

ü  Қарауылқожа

ü  Тастөбе жеріндегі шайқас

ü  Соғыс күшінің мықтылығы

Слайд- шоу

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,

 

Қазақ жері қас сақтай ердің елі.

Елі кедей болмаған – жері байтақ,

Еділ ердей, Бабырдай шердің жері.

Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ жері өнерлі, өсиетті.

Елі текті, киелі, қасиетті.

Теңдік таппай тар қапаста сорлаған,

Халық үшін бір тынымы болмаған.

Ер Степан Разин мен Пугачев

Бұл далада ел намысын қорғаған.

Бастан кешкен ауыр өмір сынын мың,

Талайына төтеп берген қуғынның.

Бір бойына зор даналық жинаған

Ізі жатыр мұнда Датұлы Сырымның

Талай-талай шыққан оөып топтан ер,

Байға қарсы әлденеше оқталды ел.

Мынау біздің өсіп-өнген қыр-белес

Осы дала тудырған ғой дарынды,

Ақындарды, батырларды дауылды

Туған екен топырағында торқалы

Махамбеттің өр жырлары жалынды.

Азат бүгін байлыққа тұнған дерім,

Азамт бүгін ел жоғын қуған ері,

Әділет пен билікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

Міне осындай егеменді еліміз,

Кең жазира ұлан-байтақ жеріміз

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, ерімі

Үйге тапсырма: 1836-1838жж. Көтеріліс туралы ой-толғау

VІ қорытынды: Бағалау Отанды қорғау, оны құрметтеу сендердің борыштарыңыз.

Елдіктің, ерліктің рухын биік көтеретін ер-азаматтарымыз аман болсын!

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения