Хихметова Гульназ Каировна
Должность:Математика пәнінің мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Қарағанды обл, Бұқар жырау ауданы
21.02.2016
0
256
0

Жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу





 

Күні:14.01.2016ж

 

Сабақтың  тақырыбы :  Жай  бөлшектерді  координаталық  сәуледе  кескіндеу

 

Сабаөтың мақсаты:Жай бөлшектерді координаталық  сәуледе кескіндеуге, АТҚ пайдаланып   есептер  шешуге  жағдай   жасау.

 

Сабақтың міндеттері:

 

  1. Бірлік  кесіндіні анықтауға

  2. Жай бөлшектерді координаталық  сәуледе кескіндеуге

  3. Ақпараттық технологиялық құралдарды  пайдаланып  есептер  шешуге

    Сабақтың түрі: Қайталау сабағы

    Сабақтың әдісі:Кесте, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма

    Сабақтың көрнекілігі:Таратпалар , сызғыш, қарындаш

    Сабақтың  жоспары :

    1 Ұйымдастыру  кезеңі

    2  Топқа  бөлу

    3  Үй  тапсырмасын  тексеру  кезеңі

    4  Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты пысықтау

    5  Топпен  жұмыс

    6    Оқулықпен жұмыс

    7  Сергіту сәті

    8   Логикалық есептер

    9  Сәйкестік  тесті

    10   Сабақты  қорытындылау

    Сабақтың барысы :

 

  1. Оқушылармен амандасып, сабақтың мақсатмен  және міндетімен таныстырып өту.

  2. Оқушыларды топқа бөлу. Яғни қағаз қиығына  бұрыс , дұрыс және аралас сандарды жазып , үстел үстіне қойылады. Оқушылар келіп үстелден бір –бірден қағаз қиығын алып, ондағы санды оқып , өз тобын тауып алуы керек. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Топ аттары: «Дұрыс бөлшек », «Бұрыс бөлшек» және «Аралас сан ».Әр топтың аты А4 қағазға жазылып үш партаға алдын-ала қойылып қойған.

  3. Үй тапсырмасын  (№898) дәптерлерін жинап алып  тексеру

  4. Сұрақ –жауап арқылы тақырыпты пысықтау 1.Координаталық сәуледе О нүктесі қалай аталады?                          2. Жай бөлшекті координаталық сәуледе  қалай кесіндейді?                                    3. Дұрыс және  бұрыс бөлшектер     1-ге қарағанда  қалай  орналасады?

  5. Топпен жұмыс барысында :

 

  1. Әрбір топ оқушылары өз топтарының атына анықтама береді және  таныстырады .

  2. Сайдта берілген  нүктелердің координаталарын анықтау(әр топ өз  жауаптарын жазып көрсетеді.)

 

Есептің  жауабы :

 

     3.Берілген жай бөлшектерді координаталық      сәуледе         кескінде.(әр топ өз  жауаптарын жазып көрсетеді. )
Бірлік кесінді 3 см

 

6.Оқулықпен жұмыс:№898 есеп (слайдта домбыраның суреті      арқылы есепті шешу) Жауабы :

 

 

7.Сергіту сәті: «Қаршаны қағып ал» сайд көрсетіліп музыкамен сүйемелденіп  отырады. Сергіту сәтінің шарты  «Қанша  бұлт » сүрағы арқылы  және «Қар адам қандай қаршадан пайда болады ?»

 

 

8.Логикалық  есеп :1 топқа: 1 м 50 см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 45 см матаны  қалай  қиып алуға болады? Жауабы: матаны 5 бөлікке бөлу, әр қайсысы 30см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз.

 

2 топқа: 1м 20см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 45 см матаны  қалай  қиып алуға болады ? Жауабы: матаны 4 бөлікке бөлу, әр қайсысы 30см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз.

 

   3 топқа : 1м 40см  матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай,35см матаны  қалай  қиып алуға болады ? Жауабы: матаны 2 бөлікке бөлу, әр қайсысы 70см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз.

 

9. Сәйкестік  тестін орындау  шарты: слайдта  көрсетілген  тестін жауаптарын тауып , дұрыс  жауапты  тапқан  оқушы  тақтаны  түртіп  дұрыс жауапты  көрсетеді.

 

10. Сабақты  қорытындылау :Рефлексия: «Жұдырықтан 5 саусаққа » Стратегиясы бойынша өз білімін бағалау

 

5 саусақ–түсіндім

 

3 саусақ –сұрағым бар

 

жұдырық – ештеңе  түсінбедім .

 

Үйге тапсырма : Даярлық  тапсырма , ережеледі  қайталау.       №908 есеп

 

Оқушылардың білімін  бағалау. Арнайы  шкалалар арқылы

 

Әр оқушыныі  өзіне арналған

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения