Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
21.02.2016
0
311
1

Әлемде талай қызық бар





Қазақстан Республикасы,Ақмола облысы,Астрахан ауданы,Петровка ауылы
«Петровка орта мектебі» ММ
Информатика пәні мұғалімі
Нурдуллаев Е.Г.

Сабақ мақсаты: оқушылардың ойлануын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, оларды пәнег деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Әдістері: түсіндіру, баяндау.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер.

Көрнекіліктер: кеспе парақтар, суреттер, презентация, әуе шарының макеттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі;

      Оқушылармен амандасу, сабаққа әзірліктерін тексеру, назарын сабаққа аудару;

 

ІІ. «Дешифратор» аралыОқушыларды топқа бөліп отырғызу;

Шарты: Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Бір сұрақ 10 ұпай. Әр топ өз әуе шарларына ие болады.
1 топ:
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
2 топ:
11. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
12. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
13. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
14. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
15. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
16. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
17. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
18. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
19. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
20. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

ІІІ. «Әлемде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді білесің бе? білесің бе?»

 Күн сайын әлемде жаңа технологиялық өзгерістер болып жатады. Ғалымдар мен өнертапқышдар адам өмірін жақсарту үшін күн демей түн демей талмай еңбек етуде.  Сіз осыдан 5-10 жыл бұрын қолыңызға сматрфон ұстап, ғаламтор арқылы кез келген жаңалықты оқып, әлеуметтік желілер арқылы жақыныңызбен тілдесе аламын деп ойладыңыз ба? «Майкрософт» компаниясы алдағы 5-10 жылда әлем қандай технологиялық өзгерістерге ұшырайтынына болжам жасады. Сонымен бәрі сіз ойлағандай болады ма екен көрелік? – тамашалайық бейне көрініс. (Экраннан бейне көрініс қойылады)

 

ІV. «Біз — болашақты құрушымыз» аралы. әр жазылған бір эссе 5 ұпай.

«Мен болашақты .... елестетемін.» - тақырыбына шағын эссе жазу.

 

V.  «Суреттер сөйлейді» аралы

1 топ (4 мин)

2 топ (4 мин)

Қазақстан жаңалықтары

Әлем жаңалықтары

 

 

Қазақстан Ғалмтор сапасы бойынша әлемдік рейтингте 58-орын алады.

Windows 10 операциялық жүйесі таныстырылатын уақыт белгілі болды

 

Назарбаев Университетінің студенттері жаңа мобильді қосымша әзірледі

Жаңа смарт-блезік смартфонның орнын басады

 

ЕХРО-2017 көрмесіне арналған қалашық құрылысы басталды

Кеңсе жұмысына арналған смарт-үстел шығарылды

 

 

Жаңа үлгідегі «тышқандар»

1 – топ:

1. Қазақстан Ғаламтор сапасы бойынша әлемдік рейтингте 58-орын алды

Mesuaring the Information Society әлем елдеріндегі Ғаламтордың сапасы мен дамуының рейтингін жасады.

Мамандар Ғаламтордың сапасын 10 балдық шкаламен өлшеді. Баға беру кезінде жылдамдық, Ғаламторға кіру мүмкіндігі, Ғаламторға қосылуға болатын құрылғылардың таралуы, қызметтің құны есепке алынды. Рейтингте 8,93 ұпаймен Оңтүстік Корея көш бастады. Екінші және үшінші орындарды 8,88 және 8,86 ұпайлармен тиісінше Дания және Исландия елдері алды. Одан кейін Англия мен Швеция тұр.

Рейтингті қорытындылайтын 163−167 орындардағы бестікке Малави (1,61 - балл), Мадагаскар (1,51), Эфиопия (1,45), Эритрея (1,22) және Чад (1,17) кірді. Қазақстан 6,20 балмен 58-ші орында тұр. Тізімде Қазақстан Румыниядан бір саты жоғары, ал Коста-Рикадан бір саты төменде. Рейтингте Ресей 45-ші, Беларусь − 38, Қырғызстан 126-ші орынды алды.

2. Назарбаев Университетінің студенттері жаңа мобильді қосымша әзірлеуде

Болашақта кез келген ғимаратқа интерактивті саяхат жасауға болады. НазарбаевУниверситетініңстуденттері тың жобаны қолға алды.

Ердәулет Әбсаттар мен Олжас Төлеутаев қала инфрақұрылымы туралы толық ақпарат беретін мобильді қосымша әзірлеп жатыр. Яғни гаджетті кез келген кеңсеге қаратсаңыз болғаны, оның аумағынан бастап, қанша қабаттан тұрады, қай жерде не орналасқанын көре аласыз.

Әсіресе бұл құрылғы жолда адасқан адамдарға үлкен көмек. Өйткені ол интерактивті картаның қызметін атқарады. Қосымша сіз тұрған көшеде қандай кітапхана, дәмхана мен дәріхана барын анықтап береді. Өнертапқыштардың айтуынша, бұл жоба келер жылы жарыққа шықпақ.

Ердәулет Әбсаттар, Назарбаев Университетінің 4-курс студенті: 
– Осы қосымша арқылы кез келген адам өзі қалаған кеңсеге саяхат жасайды. Тіпті сіз келе жатқан көшеде қандай мекеме немесе қызмет көрсету орындары бар? Оған жету үшін қанша шақырым жүру керегін де біліп отырасыз. Әзірге Назарбаев Университеті негізінде жасап жатырмыз. Қай блокта қандай кабинет бар, зертханалар қай жерде орналасқанын көрсетіп тұрады. 

2 - топ

  1.                   Windows 10 операциялық жүйесі таныстырылатын уақыт белгілі болды

«Microsoft» корпорациясы Windows 10 операциялық жүйесін 29 маусым күні ресми түрде таныстыратын болды. Нарыққа шыққалы отырған жаңа бағдарлама Windows 7, 8.1 заңдынұсқаларын қолданып жүрген тұтынушыларға тегін қосымша ретінде берілмек.

Жаңа операциялық жүйе мамандар тарапынан жоғары баңа алып отыр. Үйде немесе кеңседе жұмыс жасауға жаңа Windows нұсқасы ыңғайлы саналуда. Сонымен қатар, Windows 10 операциялық жүйесі қолданушылардың қауіпсіздігін күйшейту мақсатында Windows Hello, Microsoft Passport және Windows қорғаушысы сервистерімен толыға түскен. Тағы бір ерекшелігі – мобильді құрылғыларда қуатты қалыпты ұстайды, ал ғаламтордан керекті дүниелерді жүктеу жылдамдығы 10 есе артқан.

Windows 10 операциялық жүйесі жаңа бағдарламалар мен жаңа сервистермен толыққан. Бұл өнім - Microsoft компаниясының ең соңғы операциялық жүйесі болады. Корпорация енді операциялық жүйенің жаңа нұсқасын шығармайды, соңғысын дамытып отыратын болады. Microsoft өкілдерінің айтуынша, Windows 10 үнемі жаңартылып және дамып отыратындықтан өзектілігін жоғалтпайды.

Айта кеткен жөн, Windows платформасы – Microsoft-тың негізгі өнімі. Компания оперативті жүйелер нарығында қазір көшбасшы. Ал аталған өнімді әлем бойынша 1,5 миллиардтан астам адам қолданады. Дегенмен, соңғы жылдары мобильді құрылғылар мен планшеттер көбейіп кеткендіктен, Windows платформасының үлес салмағы азайып та келеді.

  1.       Жаңа смарт-білезік смартфонның орнын басады (Видео)

Соңғы бірнеше жылда қосалқы құрылғылардың өндірісі жылдам дамып келеді. Әлемнің әртүрлі елдерінде смарт-сағаттар, фитнес-трекерлер, «ақылды» көзілдіріктер және тағы басқа смарт-өнімдер таныстырылуда. Солардың бірі ерекше мүмкіндікке ие инновациялық Cicret білезігі болып табылады.

Аталған смарт-гаджеттің көмегімен тұтынушылар смартфон экранын қолына шығара алады. Нақтырақ айтсақ, смартфонның дисплейі сымсыз ақпарат алмасу технологиясының көмегімен кеңістікте (тачскрин) пайда болады. Бір сөзбен айтқанда, смартфонның орнын баса алады.

Жоба авторларының айтуынша, пико-проектор мен бірнеше тетіктер арқылы бұл идеяны жүзеге асыруға болады. Қазіргі кезде париждік стартапшылар Cicret смарт-білезігін дамытып келеді. Ал оның жаппай өндіріске енуі оған салынатын инвестицияның көлеміне байланысты болмақ. Француздар әзірге қажет соманың 14%-ын ғана жинай алған.

Cicret білезігінің жасалу идеясы қарапайым. Смарт-девайсқа қондырылған мини-проектордың көмегімен тұтынушының қолында смартфонның экранын шығаруға болады. Ал қосымша тетіктер саусақтардың бағыттарын бақылап отырады.

Гаджет құрастырушыларының айтуынша, бұл білезік иесінің электронды поштаға келіп түскен хаттамаларды жылдам оқуына, түрлі ойын ойнауына, хабарламаларға жауап беру мен ауа райын тексеруіне мүмкіндік береді.

Cicret білезігіне алдын ала тапсырыс беру 475 АҚШ долларын құрайды.

  1.       Кеңсе жұмысына арналған смарт-үстел шығарылды (Видео)

Кеңсе жұмысын жылдамдату үшін смарт технологияның қандай мүмкіндіктері бар? Мысалы, сізге қажет болатын барлық ақпарат үстеліңіздің үстінде болса, жұмысыңыз алға басары анық. Ideum компаниясы осы межеде бас қатырып, жаңа смарт-үстелін құрастырыпты.

Duet атауына ие болған «ақылды» үстел дербес компьютердің қызметін атқара алатын мультитач-дисплеймен жабдықталған. Жаңа құрылғыға кеңседегі барлық смарт-өнімді тіркеу арқылы бір орталықтан басқару мүмкіндігі берілген. Ideum құрастырушыларының айтуынша, жаңа смарт-гаджеттің негізгі артықшылығы оның екі түрлі платформаны бірдей қамти білуінде екен. Тұтынушы сенсорлы дисплей арқылы қалауынша Windows 8 және Android оперативті жүйелерін пайдалана алады.

Компьютерлік құрылымға ие мынадай үстелдің екі платформада болуы қарапайым кеңсеге қажетті бағдарламалар мен мобильді қосымшаларды бір уақытта пайдалану мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, смарт-үстелді тұтынушы ыңғайына қарай 42-дюймді және 46-дюймді екі нұсқамен шығарылған. Смарт технология өз алдына, бірақ үстелдің дәстүрлі ұстанымы өзге болғандықтан, Duet дисплейі ыстық температураға тұрақты және су өткізбеу жабдығына ие.

Үстелдің техникалық мінездемесіне келсек, кроссплатформаның Android оперативті жүйесіндегі негізгі жадысы – 2 Гб, ал қосалқы жадысы – 16 Гб. Ал Windows платформасы негізіне тоқталып өтер болсақ, Duet үстелінің 42-дюймді моделі 3,2 ГГц жиілікке ие Intel Core i5-4570R процессорымен жұмыс жасайды. Одан бөлек, негізгі жадысы 8 Гб болса, ал қосалқы жадысы 256 Гб-ты құрайды. Ендеше одан біршама үлкен екінші моделі 3,5-ГГц жиілікпен жұмыс жасайтын Intel Core i7-4710HQ процессорымен қамтылған. Қосалқы және негізгі жадылары 512 және 16 Гб көлемге ие.

Ideum компаниясы мамандарының айтуынша, смарт-үстелдің Android тәртібінде жұмыс істеу кезінде бір уақытта 12 жанасуды сезе алады екен. Ал бұл мүмкіндік Windows платформасына көшкен кезде 60-қа дейін өседі. Ал жұмыс барысында Android пен Windows оперативті жүйелерінен жылдам ауысу үшін Intel Edison мини-компьютері қолданылады.

Смарт технология негізінде құрастырылған үстелдің екі нұсқасы да Wi-Fi және Bluetooth байланыс модульдерімен жабдықталған. Duet өнімінің сатылымға шығу мерзімі келесі айдың басына межеленген. Ал оның нарықтағы бағасы 7950 АҚШ доллары көлемінде болмақ.

3 – топ:

1. EXPO-2017 көрмесіне арналған қалашық құрылысы келер жылы басталмақ

2014 жылы Астанада EXPO-2017 көрмесіне арналған қалашық құрылысы басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың хабарлауынша, құрылыс жұмыстары алдағы жылдың сәуір айында бастау алмақ.

«Біз қаланың ең үздік дизайн-жобасы байқауын өткіздік. Оған әлемнің 22 елінен 49 компания қатысса, олардың ішінде 20-сы отандық компаниялар болды. Байқау қорытындысы жарияланғаннан кейін біз нысанның техника-экономикалық жұмыстарына кірісетін боламыз. Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың соңына қарай аяқталып қалар деп ойлаймыз. Егер осы жұмыстар жоспарланған уақытта аяқталып жатса, онда EXPO көрмесі болатын аймақтағы құрылысты сәуір айында бастап кетеміз»,-дейді Қаппаров.

Сондай-ақ министр кейбір әкімшілік кедергілерді шешу мен басқа да қиындықтарға байланысты EXPO-2017 көрмесіне арнайы заң қабылдануын да құп көретінін жасырмады. 

2. Жаңа үлгідегі "тышқандар"

Көптеген интернет желілерінде жаңа «тышқандар» пайда бола бастады. Жаңа үлгіде жобаланған «тышқандар» бірнеше жобалаушының бірлесіп жасаған туындылары. Интернет бетінде жарық көрісімен-ақ, көптеген оқырмандардың қызу талқысына ие болған тышқандарға бірнеше компания тапсырыс беріп те үлгеріпті. Мұның ішінде әлемге әйгілі «Амазон» компаниясы да бар. Бұндай «тышқандарға» ірі компаниялар арасында бәсекелестік күшеюде. Алда бұндай техниканы «Амазон» компаниясы сатылымға шығаруы мүмкін.

Бұлар түр-түріне қарай кеңсе, үй, саяхат барысында пайдаланылатын тышқандар. Қолданылуы тым қарапайым және бірнеше озық техника қосылған. 3 дана батырма, 1600dpi лазер нұры пайдаланылған блютуз арқылы меңгерілетін бұл сүйкімді «тышқандар» айтса, айтқандай. Көңілге қонымды.

 

VІ. Сергіту сәті

Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға – деп сергіту сәтін бастайық.

 

VІІ. «Анаграмма» аралы мен «Адасқан әріптер»
Бір сөз 10 балл
К О И Н Ф О Ф Р А П В И Н М А
Б М И Е Р Р М Т К И К С Е Р С
А П Ь Ю О Г А А Л Р П Е Л Ь С
Й Т К Т Е Л Ц И Я О Р И М С И
А А И Б Р И М А Р Г Р Т М К В
Л К И Е Р Ф М А О К А Ы О А Я
Г О Т Е Н П Е Р Ф Е Т М Р З Е
Ш Р И К О М Д И С К А О Д Е В
Е М Т Ц И П А К С К В Е Н М О
Н Н О Л К Т Н О Н Ъ Ю Я С О Р
Р Е Н Б А Р Д И Р И Н И Э Р Ы
А Д Т И Н З И С О Н К Ц Р Г О
К Т О Р Ы М Е Т В Д И Я М О Н
А Р И Ф М О Т О А Е Э Б И К А
Л О Г И К А Р Р Н И Б Б И Д Ж

Монитор --------- Торнимо
Компьютер -------- Пьютерком
Тышқан ------------ Қантыш
Колонка ---------- Каколон
Интернет --------- Тенинтер
Сурет --------- Терус
Бояу -------- Уяоб
Наушник --------- Никнауш


VІІІ. Жұмбақ арал:

Көңілді ойын жасайық
Жұмбақ шеруін шашайық
Мұнда қызық табылар
Қиын жұмбақ бәрі бар
Бүгінгі кеште біз бастайық,
Сайыста көңілмен қол соғайық – деп 4 - кезең. «Жұмбақ шешу»

Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (тышқан)

Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан...(компьютер)

Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған....(монитор)

Егер білсең, айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді....(сканер)

Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ.
Ұзын саны жүз жеті...(пернетақта)

Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені...(кактус)

 

VІІІ. Қорытынды кезең:

Әлеуметтік желіден қорғану (Видео)

Ғаламтор адам өмірінің бір бөлшегіне айналып кеткелі қашан?! Оның зияны туралы жиі айтылып жатады. Расымен де, осы біз бар уақытты ғаламторға сарп етіп, шынайы өмірден алшақтап бара жатқан жоқпыз ба? Мынау жарық әлемнің керемет көріністерін тамашалап, ләззат алудың орнына экранға сұқтанып отырғанымыз қалай?

Жақында ғана Coca-Cola компаниясының адамдарды әлеуметтік желіден азат етіп, шынайы өмірге жақындату үшін түсірілген жаңа жарнамасы жарық көрді. Ойланып көріңізші, ғаламторсыз да өмір тамаша емес пе? – деп біз бүгінгі сыныптан тыс ашық сабағымызды аяқтаймыз. Жеңімпаз топты сіздер жариялаңыздар. (Әділқазылар алқасы жеңімпаз топтың атын айтады және марапаттайды.)

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения