Куеубаева Саягуль Назарбековна
Должность:қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Көкпекті ауданы Мамай ауылы
18.02.2016
0
356
0

М.Әуезовтің «Абай жолы»роман эпопеясын оқыту мәселелері»

  М.Әуезовтің «Абай жолы»роман эпопеясын оқыту мәселелері»

Жоспары:

1.Абай мен Әуезов

2. «Абай жолы»роман эпопеясын оқытуда қолданатын әдістер

3. Шығарманың құндылығы

               Николай Погодиннің  «Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстағы Шолохов еді, ол осы жазушыларға дейін әлемге беймәлім дерлік орасан зор халық өмірін классикалық жөнмен ашып аян етті»деген пікірінде  М.Әуезовті «екінші Абай » деуде үлкен мән жатыр. Абай-ұлы реалист ақын. Ол өз заманының өмір шындығын суреттеп, халқының мұн-мүддесін жырлаған биік поэзия жасады. М.Әуезов болса, ол да сол заманның өмір шындығын тұтас қамтып, халық өмірінің ойы мен қырын қопара суреттеген көркем прозаның жаңа шыңын жасады. Абай сыншылдық реализм тұрғысынан өз заманының әлеуметтік міндерін сынай, шеней суреттесе, М.Әуезов те социалистік реализм тұрғысынан сол міндерді туғызған себептер мен заңдылықтарды және олардан арылу жолдарын ашып суреттеді. Абайдың эстетикалық мұраты-туған халқының алдан күткен арманына сайса,  М.Әуезовтің де эстетикалық мұраты –туған халқының алдағы заманда орындалған арманына саяды. Абайдың кейіпкері-М.Әуезовтің де кейіпкері, ал Абай –өз шығармашылығының  лирикалық кейіпкері  болса, М.Әуезов шығармасының ол-эпикалық кейіпкері.

    Оның үстіне Абай мен М.Әуезовтің туған жері де, өскен ортасы да бір, алған тәрбиесінде де бірыңғайлық бар: Шыңғыстау, Тобықты руы, Құнанбай аулы, ауыл мектебі. Ең ақыры, бала Мұхтар жасынан Абай өлеңдерін оқи өсіп, Абай поэзиясының барлық нәрін, нұрын, шырынын бойына сіңірді десек, оның әдебиетте Абай дәстүрін эстафета ретінде мирас тұтып, ілгері тартты.

       Ұлы жазушының ұлылығы бір заманның шындығын танытып, оқушыны эстетикалық ой мен әсерге кенелтетін жаңа көркем  дүние жасауында.Сондай-ақ өзінің туған халқының рухани байлығын көрсетіп, оның игі мұң-мүддесін басқа халықтардың, бүкіл адамзат атаулының түбегейлі мұрат-мақсатымен ұштастыра алатындығында. Қазақтың жаңа жазба әдебиетінің атасы болған Абай сондай ақын болды. Ал совет заманында   өзінің сүйікті ұстазы Абайды және туған халқын дүние жүзіне танытқан Мұхтар Әуезов те сондай жазушы болатын. Луи Арагон М.Әуезовті «осы заманның аса ұлы ақындарының бірі» деп бағалады.

      Абай мұрасы бүкіл қазақ әдебиетіне ортақ. Алайда, М.Әуезов шығармашылығы оған әсіресе жақын. Әңгіме Абай образы Мұхтар туындыларының жан-жүрегі болып орын тепкендігінде ғана емес, сонымен бірге Абай дәстүрлерін Мұхтардың шығармашылық жолмен терең де толық игеріп, жаңашылдық жөнмен шындық талабына сай одан әрі дамытып әкетуінде.

         М.Әуезов шығармашылығы-қазақ совет әдебиетінің классикалық мұрамен мираскерлік байланысының айқын көрінісі.

          Абай поэзиясының мирас болуы, Мұхтардың мираскер болуы-бұл екі ұлы жазушының өмір сүрген мезгілі мен тарихи жағдайдың әрқилылығына байланысты. Елу жыл бұрын туған Абай Құнанбаевтің өмірі капиталистік элементтер енді ене бастаған феодалдық-патриархалдық қоғамда сарып болды. Ал Абай дүниеден өткенде жеті жасар Мұхтардың балалық шағы мен жігіттік шағы да  сол қоғамда өтті, бірақ, оның өмірінің есейген, творчествосының толысқан шағы советтік заманда өтті. М.Әуезов: «Мен өз өмірімде үш түрлі қоғамдық формацияны бастан кешірдім. Олар: феодализм, капитализм, социализм. Қазір туған Отанымның басқа азаматтары секілді мен де коммунизм құрылысшысымын . Кейбір ретте мен өзімше жастық шағы мен бүгінгісінің арасында ғасырлар жатқан шежіресі адам бола алар едім деймін. Көргенім, бастан кешіргенім, байқағаным жөнінен ХХ ғасырдың орта шенінен, тіпті сонау Европалық та емес, одан әрмен Азияның орта ғасырынан келген адам сияқтымын»,-деп бекер айтпаған. Өстіп тарихи асуларда қос қыртыс өмір сүріп, екі заманның кепілі болушылық М.Әуезовтің дүние тануымен қатар шығармашылығына да ықпал етті. 

       Жазушы шығармашылық өрінің шырқау биігі болып табылған – «Абай жолы» эпопеясын жасап шыққанша, шытырман жол кешті. Көп зерттеп, ұзақ толғанып кіріскен «Абай жолы» романын М.Әуезов он бес жылға жуық жазды.

    М.Әуезов: « «Абай» және «Абай жолы» романдарын жасау-менің творчестволық  өмірімдегі сүйікті ісім десем болады»-деген. Осыдан осы роман оның көп салалы бай шығармашылығының байтақ арнасы, жансүйер туындыларының шырқау биігі, тұңғиық тереңі екенін байқауға болады.  

          «Абай жолы»-дархан дала тарихының қайталанбас полотносын жасаған әлем әдебиетіндегі шоқтығы биік туынды. Оны меңгерту-әрбір мұғалімді мазалайтын қиын іс.  Қазіргі ақпараттық технологияның шарықтап тұрған кезеңінде мұғалім қауымының алдында үлкен бір ділгірлік мәселе туындап отыр. Бұл –оқушылардың кітап оқуға деген ниетінің төмендеп кетуі.  Ал 4 кітаптан тұратын «Абай жолын»  шәкірттерге оқыту-үлкен еңбекті қажет етеді. Сондықтан  көркем шығарманы оқушы бойына сіңірту үшін оқушы қызығушылығын арттыратындай тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану керек  және сыныптан тыс оқуды өз беттерімен оқытуды дұрыс жолға қою қажет  деп ойлаймын.  Қанипа Омарғалиқызы: «Әр балаға эпопеяның уыз дәмін төменгі сыныптарда үзінділер арқылы татқызып, алдымен олардың ұлы туындыға деген махаббатын, ынтасын оятып барып оқытқан тиімді» деп,  эпопеяны төменгі сыныптардан бастап оқытудың технологиясы мен бағдарламасын ұсынған. «Көркем мәтінді оқытудың барлық түрін төменгі сыныптан кіргізіп, оқушыны оқырман етіп жетелеу де мектеп мұғалімінің ең басты борышы», - деп Қ.Бітібаева талап қояды . Ұстаздың әдісі негізінде мен өз іс-тәжірибемде «Абай жолы» эпопеясын 5-сыныптан бастап меңгертемін. Сократ: «Біреуді бір нәрсеге иландырғың келсе, құр сөзбен уағыздама, одан да бірге әрекеттен. Дені сау бала өзінің өмір сүрген уақытындағы табиғат заңы, саясат заңы білімін онсыз да біледі. Енді оны ғылымға түсірту-мұғалімнің жұмысы»,-деп ұстаздың негізгі бақылаушылық рөлін белгілеп берді. Сондықтан шығарманы түсіндіріп беруден аулақ болып, оқушылардың әңгімелерді өз бетімен меңгеруіне бағыт бағдар беріп отырамын. 5,6-сыныпта жас ерекшеліктеріне сай «Аналармен қауышу», «Қонақтар», «Ұрылар асуы» сияқты тек жекеленген оқиғаларды меңгерттіремін.          

      Оқушының шығарманы оқығанын білу үшін, көркем шығарманы қызығушылығын арттыру үшін  «Алтын сақа», «Ол кім? Не туралы?» сияқты танымдық ойындарды ұйымдастырудың  маңызы зор екенін тәжірибеде көз жеткіздім .

    Ал 7-сыныптан  11-сыныпқа дейін  «Абай жолы» эпопеясын бірінші бөлімнен бастап оқушы бойына сіңірте беремін.  Оқушының әр бөлім бойынша оқиға толық есте қалу үшін арнайы оқушыларға дәптер бастатып, төмендегі «Шығарманы талдау» кестесін қолданамын:

бөлімі

оқиғалар

Кейіпкерлер

 

Абай іс-әрекеті

Қайтқанда

Ұрылар асуы

Абай,

Абай ұрыларша қасындағыларды қорқытады.

 

Қамқа мен Қодар өлімі

Құнанбай

Әке өктемдігінен Қодар мен Қамқаның қазасын  көріп, Абай ауырып қалады

Бұл кесте жоғарғы сыныпқа барғанда ,есін қайта жаңғыртуға өз септігін тигізеді. Жоғарғы сыныптарда дебат, пікірталас, интервью әдістерін қолдану өте тиімді. Оқушының өз ойын еркін айтуына, тілдік қорының баюына септігін тигізеді.

Абайды ұлылыққа бастаған бұлақтар

Мәтіннен мысал

Өз ой-дәлелдемең

Абай дос тапты

Онысы-әсіресе, әжесі, шешесі

Үлкенді тыңдауы, әр сөзіне құлақ салуы

Абайдың сөз өнеріне деген қызығушылығының оянуы

Әжесінің әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті, көш бойы да Абай айтқыза, тыңдай беретін болды

Сөз тыңдау әдебі қалыптасты, сөздің сұлу да сырлы болатынын түсінді

      Дарынды оқушыларды шығармашылыққа жетелеу мақсатында шығарма тіліне  жан-жақты талдау жасатамын.

«Қайтқанда»бөлімі

Теңеу

Эпитет

Метафора

Мақал-мәтел

Портрет

Сонымен қатар «Абай жолы» эпопеясын басшылыққа ала отырып, оқушыларды ғылыми, ізденушілік жұмыстарға баулимын. Мысал: бір бөлімнен әр оқушыға әр түрлі ««Абай-жолы»романындағы мақал-мәтелдер», «Эпопеядағы тұрақты сөз тіркестер»,  «Романдағы салт-дәстүрдің көрінісі»т.б.  тақырып төңірегінде ғылыми жоба жазуға тақырыптар беремін.

1-кесте. «Абай жолы»романындағы тұрақты сөз тіркесі

 

Тұрақты сөз тіркесі

Мәтіннен үзінді

мағынасы

синонимі

антонимі

Ішіне бүгу

Білгенін ішіне бүгіп

 

жасыру

Айтпау, бүкпелеу,тығу

Жария қылу

Салмақ салу

Осы жолы Абай шешесі арқылы салмақ салып

Сұрау

өтініш айту, бұйымтайы болу

Көңіл бөлмеу

 

2-кесте. «Абай жолы»романындағы теңеулер

бөлім

теңеу

Мәтіннен үзінді

Өз ойың

Тайғақта

Мүридтер бейнесіндей

Ишан, пірдің алдындағы мүридтер бейнесіндей. 7-бет

Өздерінше дағдылы, тәрбиелі,кішілік отырыс

 

Кәрі арқардың келте соқпағындай 

Тұнық судай тазасын

Қуыс шатты ең соңғы мекені еткен кәрі арқардың келте соқпағындай аз тірлігім қалды .

Байырғы өзінің қол малынан , ата мүлкінен әдейі іріктеп алып,тұнық судай тазасын сатқызды

Қысқа өмір

Малынын жақсысын, асылын ,атақты жүйріктері

 

3-кесте. «Абай жолы»романындағы салт-дәстүрлер

 

Салт-дәстүр

Романнан үзінді

Қазіргі кезде

Сенің ойың

Ас

Бөжейге ас берді

Қайтыс болған кісіге құран бағышталады. Ұлттық ойын, ойын сауық болмайды

Өлі разы болмай, тірі разы болмайды деп айтқандай ас беру дәстүрін ұрпақтар жалғастыру ұрпақ міндеті

Оқушы шығармадан 10 сөз тапса да бұл мен үшін үлкен жетістік. Себебі оқушы ізденді, зерттеу жасады, көркем туындыны оқыды.

       Оқушыға көркем шығарманы танытуда өте тиімді технология- Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту.

     «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту»бағдарламасына негізделген сабақтар оқушыларды жан-жақты, тереңірек ашуға, оларға бағыт-бағдар беріп, әсер етуге оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Оқу мен ойлауды, оқу мен жазуды дамыту мақсатында «Рөлдегі оқушылар» әдісін пайдаланамын. Бұл оқушының теориялық білімін жетілдіруге жәрдемдесетін әрекет түрі.

бөлім

Әдебиет теориясы

мысал

дәлелдеме

Түн-түнекте

52-бет

теңеу

Ақ торғындай уыз етті мойыны

-дай жұрнағы арқылы Мағыштың мойнын ақ торғынға теңеп тұр

эпитет

Уыз жастық шақ

 Жастық шақтың ерекшелігін суреттеп отыр

Оқушылар топтастыру, болжау, салыстыру, талдау, жинақтау әдістері арқылы көркем шығарманы толықтай меңгереді.

    Эпопеяны оқытудағы  сәтті әдісі - проблемалық оқыту. Мұғалімнің проблемалық сұрақ қоюы арқылы оқушыларға ой салу және ойлану тәсілі әр оқытушыға үлгі болары анық. Әр жасөспірімнің өзіндік көзқарасының нығаюы мен жеке тұлға қалыптастыруда өзіндік пікірінің жетілуіне көп көмегін тигізері сөзсіз. Автор «Абай жолы» эпопеясын оқытудың тиімді жолдарына мәтінмен жұмыс, диалогтық әңгіме, әдеби пікірталас сияқты әдістерді алады. Жазушы шеберлігіне, оның көркем тіліне, тақырып пен идеяға, сюжет пен композицияға, портреттер мен характерлерге әдеби-теориялық тұрғыдан талдау жасатады.   Оқушылар  мәтіннің мазмұнын ғана біліп қоймай, әдеби-теориялық ұғымдардан жан-жақты білім алады.

       М.Әуезов шығармасының құндылығы әр кейіпкер, әр оқиға арқылы оқырман қауымын адамгершілікке тәрбиелеуінде  және   жазушы  «Абай жолы»арқылы бүкіл дүние жүзіне, тіпті, өз отандастарына , қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын –оның өткен өмірін ,тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін , қазақ мінезі қалыптасқан шығармашылық дәуірді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып ашып, жан-жақты айқындап , терең түсіндіріп берді. Сондықтан да «Абай жолын» оқыған  Бенжамен Матип  «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қазақ болып кеткенін білмей қалған ». Сондықтан да Лев Толстойды оқымай орысты, Оноро де Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын.

      Туған әдебиеттері үшін Сервантес, Шекспир, Бальзак, Диккенс,  Тиккери, Толстой, Достоевский, Тагор мен Кавабата не бітірсе, Әуезов те қазақ әдебиетінде дәл соны бітірді. Өз ұлты

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения