Куеубаева Саягуль Назарбековна
Должность:қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Көкпекті ауданы Мамай ауылы
18.02.2016
0
515
1

Мақала "Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары"

Қазақ тілі пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың

тиімді жолдары

 

 «Аманкелді атындағы орта мектебі»КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Куеубаева Саягуль Назарбековна

 

      Ұлттық бірыңғай тестілеу-жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Қазіргі уақытта ұлттық бірыңғай тестілеу арқылы оқушының 11 жыл бойы оқыған білімі бағаланса, мұғалімнің де еңбегі осы ҰБТ –мен өлшеніп отыр. Сондықтан да өзі еккен ағашының жеміс беруі үшін мұғалім қауымына тыңбай еңбек ету талап етіледі. 

     Ал ұстаз нәтижеге жету үшін оқушыларды тиімді әдіс-тәсілдер қолдана отырып жан-жақты дайындау қажет.

         Ұлттық бірыңғай тестілеуде қазақ тілі пәні –негізгі пәндердің бірі. Бұл пәннің де өзіндік қиындығы бар. Мен осы пәнді меңгертуде өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген   әдіс-тәсілдермен бөліскім келеді. Оқушылар тіл біліміне қатысты ережелерді білген кезде ғана пәнді толық меңгере алады. Сондықтан да, мен оқушыларға қазақ тілі пәнін ІҮ кезең арқылы терең меңгертуге тырысамын.

І кезең .Теориялық кезең.

Бұл кезеңде оқушылар тіл білімінің  саласы бойынша толық мәлімет алады.

Мен 11-сыныптарды ҰБТ-ға дайындағанда, талапкерлерге арналған «Шың» тағы басқа да анықтамалық кітаптарды  қолданудың орнына 5-11-сыныптарға арналған оқулықтарды пайдаланған дұрыс деп ойлаймын. Кейде басқа кітаптарда оқулықтардағы ережелерге кереғар ойлар болады.

Ал  тақырыпты оқушыларға сала-саламен түсіндіремін.

1.Фонетика

2.Лексика

3.Морфология

4.Синтаксис

5.Пунктуация

Осы кезеңде тақта мен бор - менің ең басты қолданатын құралым, әдісім десе де болады. Оқушылардан тақырыпты еске түсіруге, тез қабылдауға қандай әдіс тиімді екенін сұрағанда, оқушылар түгел дерлік тақтаға талдап түсіндірген жақсы екенін жазды. Кейбіреулер үшін бұл тиімсіз болса да, бұл менің оқушыларым үшін қажет әдіс. Теориялық білімді өздігінен меңгеруі үшін, сонымен қатар, «Кемпірқосақ», «Жигсо», «Өкіл» , «Кластер» әдістерін  қолданамын.  Бұл оқушылардың тақырыпты өздігінен оқып, түсінгедерін айта бліуге, есте сақтауға септігін тигізеді. Мысалы «Есім сөздер» тақырыбын өткен кезде, оқушыларды 3 топқа бөліп, үш сөз табын 3топқа беріп, топта талдап, келесі топқа ауысып, бір тақырыпты үш рет талдайды. Бұл оқушының тақырыпты еске тез сақтауына ықпал етеді.

  Оқушының тақырыпты тез түсінуі үшін тұрмыстағы заттарды да мысалға алып отырамын.

       Буын түрлерін түсіндіргенде, көз алдарына құбырды елестеткіземін. Ашық буынды есте сақтату үшін құбырға суды құйсақ, екінші жағынан ағып кетеді . Ашық буын су сияқты шексіз.Мысалы: ба-а-а-а. Тұйық буынды түсіндіргенде,  құбырға су құйып, екінші жағын жапсақ, су тұрып қалады.Мысалы: а-а-а-т. Бітеу буында құбырға су құйып, екі жағын да бітейміз деп көз алдарына елестеткіземін.Мысалы: бал.

     Дауссыз дыбыс түрлерін: қатаң, ұяң,үндіні оқушының  тез жаттауы үшін ретімен айтқызып жаттатқызамын. Мысалы: үнді:р,л,й,у,м,н,ң

Ұяң:б,в,г,ғ,д,ж,з. Қалған дауыссыз қатаң.

     Ілгерінді, кейінді ықпал түсіндіргенде, бір ән айтатын баланы оң жаққа, ән айта алмайтын баланы сол жаққа тұрғызып, салыстырғызамын. Кімнің дауысы ашық шығатынын сұрағанда, оң жақтағы басым екенін айтты. Бұл кейінді ықпал екенін, сол жағындағы өзгертсе, ілгерінді екенін, тоғыспалы ықпалда екі жақсы ән айтатын бала бір-біріне әсер ететіні айтылады.

    Құрмалас сөйлем түрлерін ажыратуда 3 түрінде де  бір мысалды аламын. Жай сөйлеммен бірге салыстыра түсіндіремін.

Жай сөйлем

салалас

сабақтас

аралас

Қоңырау соғылды.

Оқушылар сыныпқа кірді

Қоңырау соғылды1, оқушылар сыныпқа кірді.2

Қоңырау соғылып1,оқушылар сыныпқа кірді2

Қоңырау соғылып,1 оқушылар сыныпқа кірді,2 мұғалім сабақ басталды.3

Бір мысалды алу арқылы сөйлем түрлерін ажырата білуге үйренеді.

     ІІ кезең. Практикалық кезең. Оқушыларға теориялық білім берілгеннен кейін оқушылардың теориялық білімін бойларына сіңіру үшін мен өз тәжірибемде үнемі Н.Оразақынқызының «Сатылай талдау» әдісін қолданамын. Бұл әдісті мен 5-сыныптан бастап қолданамын.

 


Б  б    -дауыссыз,ұяң

Е  е  -дауысты,жіңішке,ашық,езулік

С  с    -дауыссыз,қатаң

І   і    -дауысты,жіңішке,қысаң,езулік

Г    г   -дауыссыз,ұяң

І      і   -дауысты,жіңішке,қысаң,езулік

 

 Мысалы, фонетика бөлімін аяқтағаннан кейін төмендегі сызба бойынша талдау жасатамын.

 

Бесігі

жіңішке буынды сөз

6әріп,6дыбыс

3буын бе-сі-гі

                  аб

2 тасымал бе/сігі, бесі/гі

Буын үндестігі : біріңғ. жіңішке         

                                    г

Д.ү кейінді ықпал бесік+і

Орфография:бесігі

Орфоэпия:бесігі

Екпін

Егер оқушы осы талдауды білсе,   фонетика саласын толық білетінін көруге болады. Себебі фонетика саласындағы тақырыптың бәрі осы талдауда қамтылған.

Синтаксис саласын өткеннен кейін тағы талдау беріледі.

Ақ  жаңбыр сіркіреп жауды.

                          ∙

1.Айтылу м.қ                    хабарлы сөйлем

2.Құрылымына қарай      жай сөйлем

Жай сөйлем түрі                жақты, жайылма, толымды

2.Сөз тіркесі

                      Ақ жаңбыр                                            сіркіреп жауды

Сөз тіркесі                         есімді                      Сөз тіркесі                    етістікті

Байланысу тәсілі             орын тәртібі     Байланысу тәсілі              орын тәртібі

Б. Түрі                                қабысу                         Б. Түрі                       жанасу

Син. Қатынас             анықтауыштық      Син. Қатынас            пысықтауыштық

Синтаксистік талдауды білген оқушы синтаксис саласы бойынша тапсырманы орындай алады.Құрмалас сөйлем де осы үлгіде талданады.

        Морфология саласында да әр сөз табын өткеннен кейін талдау жасалады. Мысалы: сын есімді түсініп болғаннан кейін төмендегідей талдау жүреді.

Әжесі бақтан қып-қызыл алманы теріп әкелді.

 Қып-қызыл

Сұрақ                                қандай?

Сөз табы бойынша        сын  есім

Мағ. қ.                             Сапалық

Шырай ф                         күшейтпелі

Құрамына қ.                    Күрделі, қайталама қос сөз

Жас.жолы                        1. қып-күшейткіш буын, қызыл-түбір сөз

Синт. қызметі                  анықтауыш

      Сатылай талдау арқылы оқушының теориялық білімдерін практикамен ұштастырамын.

ІІІ кезең. Тексеру кезеңі. Яғни оқушылардың білімдерін қорыту мақсатында тест, карта әдістері  қолданамын. 

 

Кімге?неге?кімді?

нені? Кімде? Неде?кімнен?

неден?кіммен?

 

 

 

-------------

 

     Оқушының тез жаттауына көмектесетін және білімін білу үшін өте тиімді тәсілдің бірі-карта әдісі. Карта әдісінде, мысалы, оқушының сөйлем мүшелерін қаншалықты білгенін білу үшін  5  карточкаға сөйлем мүшесін, 2-бес карточкаға сұрақтарын, 3-бес карточкаға сызылуын жазып,оқушыларға үлестіремін.

 

 

 
 

толықтауыш

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы дұрыс жауабын жауып отыру керек. Бұл әдіс өте қызықты.  Әр тақырыптан кейін осы әдіс қолданылады.

     Мен, көбінесе, аз ғана уақыт ішінде оқушылардың уақытын алмау үшін білімдерін тексеруде ҰБТ-да қолданылатын тест әдісін жүргіземін.

ІҮ кезең. Түзету жұмысы. Тест алынғаннан кейін әр оқушының қате жауабы талданып отырады. Мониторинг жасалады.Түзету жұмыстары жүргізіледі.

    Осындай ІҮ кезең арқылы жүргізілген жұмыстың нәтижесінде алдымда отырған әр оқушының пәнді терең білуіне өз үлесімді қосамын деп ойлаймын.

      «Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры -ұстаздардың қолында»-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұстаздар қауымына үлкен үміт артып отыр. Бізге, ұстаздар қауымына, артылар жүк ауыр болса да, өз міндетімізді абыроймен атқару жолында талмай еңбек етейік!

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения