Садвакасова Жанна Ерсаиновна
Должность:Учитель русского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Восточно-Казахстанкая область,город Семей
17.02.2016
0
271
1

Ашық сабақ қазақ тілі:"Зат есім"

Шығыс Қазақстан облысы

Бесқарағай ауданы

КММ «Бөдене орта мектебі»

Шәкенова Меруерт Қазыбайқызы- бастауыш сынып мұғалімі

 

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Зат есім, олардың жазылу емлесі туралы 2 - сыныпта өткен білімді еске түсіру және кеңейту.

Дамытушылығы: Грамматикалық тапсырмалар арқылы сөздік қорларын, тілін, сауатты жазу, елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың бір - біріне деген сыйластық, жылы сезімдері тудыру, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, қызығушылықты ояту, талдау, жинақтау.

Сабақ көрнекілігі: суреттер, таратпа материалдар, ереже жазылған плакат,

интерактивті тақта.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып ұраны:

Қайырлы күн деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтсін күніміз!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

7 - жаттығу. Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір.

1. Біз нені білеміз? Өткен тақырыпқа тоқталу

Сөз таптары туралы оқушылардан сұрау.

Әр сөз табының ережесіне тоқталу.

2. Ойлан, тап:

3. Ойымызды жинақтайық:

Сөздер ------- Дұрыс жауабы --------- Сөз таптары

көйлек -------------------------------------Сын есім

оқыды ------------------------------------- Зат есім

бесінші ------------------------------------ Етістік

суық --------------------------------------- Зат есім

қар ------------------------------------------Сан есім

ІІІ. Жаңа сабақ. Зат есім

1 - жаттығу

Суреттерге қара. Суреттегі құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақ қоясың?

vБұл не? Сөйлемде сұраулық мағына беріп тұрған сөз қайсы?

vНе? Сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді ата.

vКім? Сұрағына қандай сөздер жауап береді?

 

Оқушылар 2 - ші сыныпта өткен «Зат есім» туралы ережені еске түсіреді.

Ереже: Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады.

Мысалы: аспан, ұстаз, көйлектер, оқушылар.

ІҮ. Сергіту сәті

4. «Кім жылдам?» ойыны.

2 - жаттығу. Суретке қарап, зат есімдерді тауып айту.

- Тапқан зат есімдеріңе қойылатын сұрақтардың әр басқа екенін дәлелдеп көру.

Кім? ----------- Не? --------------- Кімдер? ------------- Нелер?

мұғалім -------асқабақ ---------- апалар ----------------көкөністер

ата ------------- парта -------------спортшылар --------құралдар

5. Тақтамен жұмыс.

3 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.

Қыс. Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті. (Ж. Садықов)

* Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.

* Зат есімдерге сұрақ қой.

6. Өз бетіндік жұмыс.

4 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, көшіріп жаз.

Төрт түлік:...,...

Аңдар:...,...

Құстар:...,...

Отбасы мүшелері:...,...

7. Кім тапқыр?

5 - жаттығу. Оқы, әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай айтуға болатынын айт.

Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі -...

Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған -...

Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз -...

*Сөздерге сұрақ қой.

Ү. Сабақты бекіту.

ЗАТ ЕСІМ

Кім? кімдер? Не? Нелер?

Заттың атын білдіреді

Жалпы, жалқы

Негізгі, туынды

ҮІ. Үйге тапсырма: 6 - жаттығу, ереже жаттау.

ҮІІ. Бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения