Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
17.02.2016
0
484
0

Экономикалық рентабельділік: кәсіпорын табыстылығының көрсеткіші ретінде

Қазақстан Республикасы,Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы
Маңғыстау Энергетикалық Колледжі
Экономика пәндерінің оқытушысы
Кирлешова Орынгуль Жылкыбековна

Анализ ( грекше – analisis) тура аударғанда зерттеп жатқан объектіні бөлшектеп қарау. Анализге қарама-қайшы ұғым, ол «синтез» (грекше – synthesis) – зерттеп жатқан объектіні жинақтап қарастыру.

Адамның әрекет ететін барлық сферасында, барлық ғылыми салада (саяси, халықаралық, қоғамдық, әлуметтік, экологиялық, мәдени тұрмыстық) анализ және синтезді қолданбау мүмкін емес. Әсіресе анализ және синтездің экономикадағы маңызы өте зор, өйткені экономика барлығының негізі болып табылады. Егер эконмикалық проблемалар туындап және олар шешілмеген жағдайда ол проблемалар қоғамның өзге сферасына жағымсыз әсерін тигізеді. Эконмиканы жан-жақты қарастыру, шаруашылық қызметтерді зерттеу және соңғы нәтижелерін талдау бұл экономикалық талдау болып табылады

Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде — азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші — жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы — материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Кәсіпорынның рентабельділік  көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет де мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында рентабельділіктің көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.

Рентабельділік көрсеткіштерін талдау міндетеріне мыналар жатады:

—          рентабельділіктің көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

—          таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

—          табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

—          табысты бөлу бағыттарын пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

—          табыстың өсу резервтерін анықтау;

—          кәсіпорынның  даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

—          рентабельділіктің  әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Рентабельділіктің көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін  ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметін тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.

Рентабельділік  коэффициеттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын рентабелін  қалыптастырудың  факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Рентабелділік коэффициентіне талдау жүргізушілер:

— басқару тиімділігінің көрсеткіштері;

— кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті рентабельді жеткілікті үрде ала-алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;

— рентабельді болжау әдісі;

— шешім қабілдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.

Рентабельділік көрсеткіштерін төмендегілерді сипаттайтын 3 топқа біріктіруге болады:

— шығындарды өтемі;

— сатудың табыстылығы;

—  капитал және оның бөліктерінің табыстылығы.

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

1. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. — М.: Финансы и статистика, 2001-416с.
2. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учеб. пособие. – М.: Инфра-М, 2001-222с.
3. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник:М.: ИНФРА-М, 2002. – 336с.
4. Дүйсембаев К.Ш. Анализ финансовый отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика, 2009, 366с.
5. Дүйсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. – Алматы: Экономика, 2000.-294с.
6. Дүйсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2005.- 128с.
7. Любушин Н.П., Лещева В.Б., Дьякова В.Г., Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: Учеб. Пособие для вузов/Под ред. проф. Н.П. Любушина. – М.: ЮНИТА-ДАНА, 2001. -471с.
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения