Саметеева Мөлдір Касымбаевна
Должность:Воспитатель
Группа:Посетители
Страна:Казакстан
Регион:Вко город Семей
10.02.2016
0
275
0

Куз ханшайымы

Күз ханшайымы.

 

«Арайлы алтын күз »аясында өткізілген «Күз ханшайымы» ертеңгілігі.

Мақсаты: Оқушыларға күз сыры жайлы мағлұмат бере отырып оқушылардың білімін,тапқырлығын,іскерлігін,ұйымшылдығын өз ойларын,өнерлерін ортаға салып көрсете білуін , шеберлігін дамыту.Табиғатты ,қоршаған ортаны,отанын сүюге тәрбиелеу.

 

Формасы: Жарыс

 

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ жауап,ой шақыру.

 

Көрнекілігі: үн таспа,шар,жапырақтар ,алма ағашы.

 

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі:Кіріспе сөз.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,ұстаздар, қонақтар кішкентай бүлдіршіндер.Сіздерге алты жас даярлық тобының бүлдіршіндерінің қатысумен өтетін «Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ,мектептегі бал дәурен баланың ең бір бақытты,алаңсыз кезеңі.Біздің мектебіміздегі тәрбиеленуші ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылдыда,парасатты да тәрбиелі де,инабаттыару қыз болып өскенің қалаймыз мектебімізде қандай тәрбие алып жүргенің көріп,бәріміз куә болайық.

Баяғы өткен заманда

Дін мұслман аманда

Әділдік іздген екі адам

Биге барып бас қосқан,

Ал,бүгінгі заманда

ЖЮРИ деген ат шыққан

Қазақшаға аударған соң,

Әділ қазы деп шыққан.

Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.

1.Оразбеков.Е.Н

2.Аккожина.Р.М

3.Женисова.Ж.К.

Уа.халайық халайық,

Бәріміз назар салайық,

Мерекесі бақшаның,

Сайысты біз бастайық.

(ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамыз музыка ойнап тұрады)

 

Тәрбиеші: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келді, міне ортаға толқып тасып.

Арулардың сыйлығың халқым менің

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгі бойынша таныстыру,орындарына отырғызу.

Сайысты бастамас бұрын,сайыстың шартарымен таныстырып өтейін:

Сайыстың шарттары.1.Өзін-өзі таныстыру.

2.Кім ойға жүйрік (жұмбақ шешу).

3.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы

(Күзгі байлықтардан жарнама)

4.Шебер қолдар (ата аналармен бірлесіп жасаған қол өнер жұмыстары)

5.Өнерлі өрге жүзер(өз өнерлерін көрсету)

6.Әсем біздің арулар(сән үлгісін көрсету)

1.Өзін өзі таныстыру.Менің ата тегім (реттік санмен аруларды шақыру)

2.Кім ойға жүйрік (жұмбақ шешу)алма ағашымен жұмыс жасау.

3.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы (ата-аналармен бірлесіп дайындаған салат түрлерін әділ-қазыларға ұсынады ).

4.шебер қолдар(ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысы арулар жасаған жұмыстарын әділ қазыларға ұсынады).

5.Өнерді өрге жүзер (өнерлерін көрсетушілер дайындаған өз өнерлерін ортаға салады)бірі билеп, бірі ән салады.

Ән:Аманғали Ділдә.

6.Әсем біздің арулар (сән үлгісін көрсету).

Тәрбиеші:Білім,ғылым өнерге,

Қанат қағар кездердің.

Еліміздің ертеңі,

Үміт етер өздерің-дей отырып ,бүгінгі Күз ханшайымы сайысын аяқтаймыз.Әділ-қазылыар қорытынды шығарғанға дейін биге кезек береміз.

Би:Қара жорға.

 

Күз ханшайым сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп мадақтама тапсырылды:

1.Күз ханшайымы.

2.2-орын.

3.3-орын

4.Мың бұралған биші

5.Көрікті ханшайым

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения