Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
10.02.2016
0
357
0

Әлеуметтік желілердегі қазақ тілі мәдениетін сақтау

Қазақстан,Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы
Маңғыстау Энергетикалық Колледжі

Қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы

Джумашева Светлана Абиловна

Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың

ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын

нәрсенің ең қуаттысы – тілі.

Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі

сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

 

А.Байтұрсынов

Қазақ ағартушысы

 

Әлеуметтік желі - бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын веб-сайт қана емес, сонымен қатар жастар мәдениетін дамытатын құрал. Әлеуметтік желіде байланыс жасау үшін әрине бізге ең алдымен интернет керек. Ал интернетке қосылу дегеніміз — басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз.

Ұлыбританияның зерттеу компаниясының мәлімдеуінше, бүкіл әлемде әлеуметтік желі қолданатын азаматтардың 47 пайызы оған ұялы телефон арқылы кіреді.  Қазір кез келген ұялы телефонда әлеуметтік желілерге қосылу үшін қосымша бағдарламалар орнатылатын болды. Ал интернеттегі әлеуметтік желілердің қолданушыларының орта жасы 7-ден 48-ге дейін болып отыр.

Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу және жазу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту және қатесіз жазу нормасы. Техниканың өркендеген заманында әлеуметтік желілердің тіл мәдениетін дамытудағы  әсері қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттелуі тиіс.

Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің ара қатынасы ұғымдық деңгейде күрделі бір сипатқа ие. Ол деңгей адамзат пен қоғам арасындағы байланысты көрсетеді. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің анықтамасы қарым-қатынас категориясы тұрғысынан сипатталады. Қарым-қатынас категориясын қоғамдағы субъектілердің (кластар, топтар және тұлғалар) іс-әрекетімен байланысының мықтап орын алыуымен түсіндіруге болады, қоғамдағы субъектілердің қызметінің, тәжірибесінің, қабілетінің, ақпараттың, білімділігінің және іс-әрекеттің нәтижесінің алмаса қолданылуы; тұлғаның және дамуы мен қалыптасуы тікелей жалпы қоғамдағы керекті жағдаяттарға байланысты. Ауызша және жазба категориялары болмаса қарым-қатынас жүйесі толық іске аспайды. Осыған байланысты қарым-қатынас жүйесін екіге бөліп қарастыруға болады. Бірінші қарым-қатынас типі – контактілі, екіншісі – дистантілі. Бұл қарым-қатынас түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Айталық, контактілі қатынаста сөйлеушілер тікелей уақыт режімінде байланысады, сөйлеуші мен тыңдаушы өзара ым, ираша, интонация арқылы да түсінесе береді. Ал дистантілі қатынаста сөйлеушілер қатар тұрмайды, олардың арасында белгілі бір кеңістік болуы мүмкін. Мәселен, телефон арқылы байланыста адамдар бір уақытта сөйлескенімен, аралары алыс болуымен ерекшеленеді. Сол сияқты хат, түрлі мәтіндер арқылы байланысу да дистантілі қатынасқа жатады. Радиода, теледидарда, интернетте бұл қатынас жүйелері алмасып қолданылады. Яғни контактілі және дистантілі қарым-қатынас өзара бірге, жымдаса өмір сүретінін көреміз. Түсінікті болу үшін жоғарыдағы контактілі және дистантілі қатынас жүйелерін жеке-жеке саралауға болады.

Сонымен интернет желісі – жазбаша формаға негізделсе де тілдегі интонация құбылысы мұнда әртүрлі тілдік емес элементтер арқылы беріліп отырады. Яғни жабылған жақша немесе жабылған көп жақшаның, көп нүктенің, леп белгісінің сансыз көп қойылуы коммуниканттың дайындаған сөйлеміне жан бітіріп қана қоймай‚ оның қарым-қатынастық қызметін күшейтеді. Олар сөйлемдегі ойды тиянақтайды, пікірді дәл түсінуге көмектеседі әрі тыңдаушының сезіміне әсер етеді. Сөйлеу процесінде адамның көңіл күйінің көтеріңкілігін немесе ренішін интернетте осындай тілдік емес белгілер атқарады.

Коммуниканттардың үнемдеуге деген талпынысы электронды хат сияқты желі қарым-қатынасы жанрында жиі болады. Бұлайша қарым-қатынас жасаудың түрі қағазға жазып қатынас жасаумен салыстырғанда мәтінді сатылап цитаталап жеткізу, хабарласуға бейім тұрады. Ал қағазға жазу арқылы хабарласу бүтін хат мәтінін құрайды. Сол бүтін мәтіннің ішінен еркіне сай цитаталарды қиып алып адресантқа қайта жауап беруіне мүмкіндік туады. Мысалы: «сенің ….. туралы сұрағыңа жауап бере отырып», т.б. Электрондық хатқа жауап бере отырып, еш қиындықсыз тұтынушы қабылданған хаттың ішіндегі барлық репликаны сөзбе сөз сақтауға мүмкіндігі бар. Нәтижесінде электронды хат сұрақ-жауап тізбегіне айналады. Осылайша өзінің бастапқы эпистолярлық жанрын жоғалтып, сипатын бұзып, жазба қарым-қатынасы жанрының мәнін жояды (жоғарыдағы мысалдарды қараңыз). Электрондық хат ең алдымен ақпаратты тұтынушының хабаршысы болып саналады. Егер іскери тұрғыда жазып қатынас жасау кезінде осылайша ақпараттандыру пайдалы болса, яғни іскери сипаттағы хаттарға, яғни баяндауы нақты, қысқа хаттарға пайдалы болса, онда жеке тұлғалар арасындағы қарапайым қарым-қатынас, сөйлесу хаттарында аталмыш құбылыстар өз қасиеттерін жояды, жоғалтады, яғни сұхбаттасушылардың ойлау, сезіну, көңіл бөлісу, уайымдау, ренішіне ортақсату қатынастары жүзеге аспайды.

Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт.

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.   Уәлиев Н. Сөз мәдениеті / Н. Уәлиев.-Алматы,1984

2.  Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық // Тілдік норма және оның қалыптасуы.-Астана: Елорда,2001.- 230 б

3. Гаспаров Б.М. Устная речь как семантический объект// Семантика номинации и семантика устной речи. 1978. С.103

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения