Есенова Эльмира Есмагуловна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
07.02.2016
0
402
0

Открытый урок по биологии "Тамырдың түрөзгерістері"

 

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 орта жалпы білім беретін мектебі» ММ

 

Сабақтың жоспар конспекті

 

ТАӘ(толық) Есенова Эльмира Есмағұлқызы

 

Пән биология

 

Сынып: 6

 

Күні: 17.10.15

 

Деректемелер: Биология оқулығы, Атамұра 2015ж

 

Базалық оқу

 

Қосымша әдебиет

 

 

 

Тамырдың түрөзгерістері.

 

 

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: оқушыларға тамырдың түрөзгерісі, оның түрлері, ерекшеліктері жайында білім беру.

 

Дамытушылығы: жаңа ұғым, терминдерді меңгеру, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

 

Тәрбиелігі: бір-біріне көмек беруге, адамгершілікке, ұқыптылыққа , тиянақтылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: аралас сабақ

 

Сабақтың түрі: зертханалық

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, анықтау, талдау, зерттеу

 

Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, табиғи өсімдіктердің тамыр түрөзгерістері,слайд.

 

1.Ұйымдастыру кезеңі және басталуы

 

Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа бағыттау, сабақты өткізу формасын түсіндіру.

 

2.Үй жұмысын тексеру

 

3 топқа бөлемін.

 

Әр топ үйге берілген тақырыптың соңындағы деңгейлік сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Әр топқа карточка беріледі. Үй тапсырмасы және өткен тақырып бойынша.

 

3.Жаңа сабақ оқу

 

Жаңа сабақ бойынша мұғалім баяндайды.

 

Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әртүрлі орта жағдайларына түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс дейді. Тамыр түрөзгерістері: жемтамыр, емізік тамыр, тіреу тамыр, ауа тамыр, түйнек тамыр.

 

Дәптерлеріне тамыр түрөзгерістеріне кластер сызады.

 

Көршіңе әңгімелеп бер.

 

Әр топқа жаңа тақырып бойынша тамыр түрөзгерістерін оқып, әңгімелеу беріледі.

 

4.Жаңа сабақты бекіту

 

Зертханалық жұмыс №8

 

Тақырыбы: тамыр түрөзгерістері.

 

Мақсаты:тамыр түрөзгерістерін анықтау.

 

Құрал – жабдық: қызылша, сәбіз жемтамырлары, нарғызгүл түйнегі, кеппешөп, ұлғайтқыш әйнек.

 

Жұмыс барысы:

 

1.Тамырдың түрөзгерістеріне мұқият қарап, олардың суретін сал.

 

2.Кеппешөптегі сұңғыланың сорғыш тамырын көру үшін ұлғайтқыш әйнекпен қарау.

 

3.Қандай өсімдіктерге түрөзгерістердің қай түрі тән екендігін анықтаңдар. Түрөзгерген тамырлар қандай қызметті кәдімгі тамырға қарағанда жақсы атқарады?

 

4. Қызылша, сәбіз, шалқан қандай өсімдіктерге жатады? (біржылдық, екіжылдық, көпжылдық) Жемтамырдың түзілуімен байланысы қандай? Қорытынды жаса

 

 

 

Карточкамен жұмыс. Жауап береді

 

5.Қорытынды

 

Тест сұрақтарына жауап береді.

 

Тест №1

 

1.Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелерінің түрін өзгертуі.

 

А) жемтамыр                       В) метаморфоз                 С) вегетативті мүше

 

2.Органикалық заттар қорға жиналады.

 

А) ауа тамырда                    В) тіреу тамырда              С) жем тамырда

 

3.Паразиттік тіршілік ететін өсімдік тамыры.

 

А) түйнек тамыр                 В) ауа тамыр                      С) емізік тамыр

 

 

 

 

 

Тест №2

 

1.Жемтамырға жатады.

 

А) үнді фикусы                    В) батат                             С) қызылша

 

2.Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болады.

 

А) ауа тамыр                        В) тіреу тамыр                 С) түйнек

 

3.Нарғызгүл, батат, шырыш өсімдіктерінің тамыры.

 

А) жемтамыр                        В) түйнек                          С) ауа

 

 

 

 

 

Тест №3

 

1. Сұңғыла, арамсояу өсімдіктерінің тамыры.

 

А) тіреу тамыр                     В) жем тамыр                     С) емізік тамыр

 

2.Жем тамырдың түйнек тамырдан айырмашылығы.

 

А) Тек негізгі тамырына қоректік зат жиналады.

 

В) Жанама тамырларына қоректік заттар жиналады.

 

С) Түйнегіне қоректік заттар жиналады.

 

3.Ауа тамыры болатын өсімдік.

 

А) орхидея                            В) сәбіз                               С) таушымылдық

 

 

 

 

 

Жұмбақтар:

 

1.Бұйра тұлымы желмен ойнайды,

 

Қызыл мұрыны жерге бойлайды.

 

2.Тігіп алып көк шатыр ,

 

Қызыл күрең доп жатыр.

 

3.Жаздай інге тығылып,

 

Жатқан қызыл түлкіні,

 

Құйрығынан суырып,

 

Әкелді әжем бір күні.

 

                                                ( Шешуін табады.)

 

6.Үй тапсырмасы

 

14- тақырып

 

Тамыр бөлімін қайталау. Оқу және мазмұндау

 

Бағалау

 

Оқушылар білімін бағалау

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения